WhatsApp қайта жіберілетін хабарламаларға шектеу қойды

07.04.2020 в 22:44

Бұл туралы компанияның мәлімдемесінде айтылады

WhatsApp мессенджері коронавирус туралы жалған ақпараттардың таралуын алдын алу мақсатында қайта жіберілетін хабарламаларға шектеу қояды, деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Енді біреуден келген хабарламаны басқа чатқа бір рет қана жіберуге болады.

"Былтыр біз бірнеше рет жіберілетін хабарламалардың концепциясын көрсеткен болатынбыз. Енді біз ол хабарламаларға шектеу қойып жатырмыз. Біреуден келген хабарламаны басқа чатқа бір-ақ рет жолдауға болады", - дейді WhatsApp өкілдері.