Бақытқа жетудің бірден бір сара жолы- мейірімділік, көмек қолын созу, адамгершілік пен бауырмалдық
Көне Отырар қаласында осыдан 1150 жыл бұрын дүниеге келген әрі Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің «мейірімділік» жайлы акйтқандары «Волонтер жылының» идеяларымен ұштасуда, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жалпы, бүгінгі жаһандану заманында ұлы философтың ұстанар басты принциптері: теориялық қисындар мен қайырымдылық іс-әрекеттердің бірлігін сақтау, яғни сөз бен істің тұтастығы бүгінгі күні өте маңызды. әл-Фараби адамның, яғни қала тұрғынының бақытын барлығынан да жоғары қояды. Ал бақытқа жетудің бірден бір сара жолы- мейірімділік, көмек қолын созу, адамгершілік пен бауырмалдық.
«Әл-Фараби ғылыми еңбектерінде бақытқа «өз еркімен және таңдауымен» жақсылық жасағанда ғана жетуге болатынын айтады. Осындай жақсылық жасау әдебіне азаматтарымызды дүниеге келген сәттен бастап баулу біздің мемлекеттік саясаттың басым бағы¬ты. Елімізде «Волонтер жылы» аталған биылғы жылды қайырымды қоғамға бастайтын жол деп санауға толық болады және ол біздің табиғатымызда бұрыннан бар», -деп атап өтті Б.Сағынтаев.