Жұмыс іздеп жүрген жастарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің есігі ашық. Ведомство қызметкерлері алматылық студенттерге кеңесін беріп, мемлекеттік қызметке орналасамын дегендерге қойылатын талаптарды түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Үміткерлерге жұмыс беделі, жоғары жалақы мен болашақта қандай жетістіктер талап етілетінін айтып өтті. Жұмысқа орналасу үшін тәжірибе мен қызмет өтілі болуы қажет емес. Бастысы, бірнеше кезеңнен тұратын байқаудан өтуі тиіс. Іріктеу ашық жүргізіледі.
«Бүгін өте ашық ақпарат берілді. Жалпы, осындай мемлекеттік органдарға маман ретінде тұру үшін құжаттамалардың қандай екенін бізге айтып берді. Менің бүгінгі күндегі басты мақсатым – жұмыс тауып, еліме қызмет ету, сондықтан мен үшін осындай шаралардың өтіп тұрғаны өте маңызды», – дейді Маржан ОРЫНБАЕВА.