Тарихшылар ауыр азапты жастарға түсіндіріп, ел өткенін ұмытпауға шақырды
«Тарихтан тағылым. Өткенге тағзым». Алматының № 26 кітапханасында репрессия құрбандарын еске алу кеші өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Танымдық жиынға қатысқан тарихшылар ауыр азапты жастарға жан-жақты жеткізіп, ел өткенін ұмытпауға шақырды. Саяси қуғын-сүргіннің мәнін тарқатқан қонақтар «Елдік жолында опат болғандар ұрпақ жадынан өшпеуі тиіс» дейді.
«Бүгінгі іс-шара негізінен қуғын-сүргін, репрессия тақырыбына арналып отыр. Шын мәнінде, бұл қазақ тарихындағы трагедиясы деп есептеймін», – деді жазушы Мұхтар Қазыбек.