Жиынға қатысушылар бүгінде ЖЭО-2-ні газға ауыстырудың қандай нұсқалары қарастырылып жатқанын талқылады
2020 жылдың 15 ақпанында Тұрақты даму комитетінің кеңейтілген отырысында экобелсенділер мен Алматы қаласының әкімдігінің арасында өзара ашық диалог өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Басқосуға Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е. Қожағапанов пен әкімнің орынбасарлары Е. Бабақұмаров, М. Әзірбаев, сарапшылар қауымдастығының өкілдері мен экобелсенділер, олардың ішінде А. Төлесова, А. Ерекенов, С. Мартемьянов, А. Жандосова, С. Ташимова, А. Наурызбаев қатысты. Сондай-ақ, "Самұрық-Энерго" АҚ-ның Алматыдағы ЖЭО басшылығы және техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушілер қатысты.
Жиында мегаполистегі ағымдағы экологиялық жағдай мәселелері талқыланды, сондай-ақ экологияны жақсартудың тиімді тетіктері қаралды. Экология саласындағы сарапшылар, белсенділер ауаны ластау көздерінің мәселелерін көтерді.
Жиынға қатысушылар бүгінде ЖЭО-2-ні газға ауыстырудың қандай нұсқалары қарастырылып жатқанын талқылады. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен ЖЭО-2 газға ауыстыру процесін жеделдету бойынша барлық шаралар қабылданып жатқанын атап өтті. Бүгінде түрлі нұсқалар қарастырылуда. Сонымен қатар, қала әкімдігі ЖЭО-2-ні жаңғыртудың алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін ағымдағы жылдың сәуір айында жұртшылықтың талқылауына шығармақ.
Қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов ауаның әртүрлі көздермен ластану деңгейін азайту үшін барлық бағыттар бойынша кешенді жұмыс қажет екенін атап өтті.
"Біз өзімізден бастауды жөн көрдік, коммуналдық автопаркке 2021 жылдан бастап тек газдағы және электрлік автобустарды сатып аламыз. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтарының 300-ден астам үйіне газға өтеусіз негізде қосуға мүмкіндік туды. Сонымен қатар, қызметтерді жеткізушілерден бөліп төлеуді және екінші деңгейлі банктерден пайызсыз несиелерді ұйымдастыру мәселесі қарастырылуда", — деді Е. Қожағапанов.
Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қала әкімдігі мегаполистің экологиялық жағдайына ерекше көңіл бөлінетінін мәлімдеді. Экологияны жақсарту бойынша шаралар "Алматы-2025" бес жылдық жоспарында және мегаполистің 8 ауданы бойынша мастер-жоспарларда көрсетіледі. Е. Бабақұмаров жұртшылықты осы құжаттарды әзірлеуге белсенді қатысуға шақырды.
Құрылыстың экология жағдайына әсер ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаевтың айтуынша, бүгінгі күні қалада қалалық құрылыстарға мониторинг белсенді жүргізіліп жатыр.
Жиын қорытындысы бойынша Air Vision тәуелсіз Экологиялық Қоры алаңында талқылау өткізетін мамандар мен белсенділер қатарынан жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Ұсыныстың барлық сұрақтары Тұрақты даму комитетімен қаралады.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының Іскерлік кеңесінің жанында экология мәселелерімен айналысатын Тұрақты даму комитеті жұмыс істейді. Комитет төрағасы және оның мүшелері кәсіпкерлер мен меценаттар. Air Vision тәуелсіз Экологиялық Қоры ауаның ластану деңгейін мониторингілеу және қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылды.