Апат салдарынан 4 адам көз жұмып, үшеуі жарақат алған
БҚО-да 4 адамның өмірін қиған апатқа қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Жантүршігерлік оқиға Қазтал ауданы Жалпақтал ауылының маңындағы тасжолда болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тексеру кезінде ГАЗ-3102 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған "КамАЗ" көлігімен соқтығысқаны анықталды. Апат салдарынан 4 адам көз жұмып, үшеуі жарақат алған. Зардап шеккендердің екеуі – кәмелет жасына толмағандар. Ауруханаға жеткізілгендердің жағдайы орташа ауыр.
– Жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Апат салдарынан полиция қызметкері мен жұбайы көз жұмды. Облыстық полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айттамыз. Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады, – деді Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Александр Плешков.
Оқи отырыңыз: Қазақстан аумағында бірнеше жол ақылы болады