Алматыда мұздай су тарифі 4 пайызға төмендеді

13.02.2020 22:47

Алматы су тарифтері бойынша республика көлемінде 6 орында тұр

kiev.informator.ua

Енді тұрғындар әр текше метр үшін бұрынғыдай 50 теңге емес, 48 теңге төлейтін болды. Мұндай мәліметті "Алматы Су" компаниясының өкілі айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, қаладағы коммуналдық қызметтердің бағасы елдің басқа аймақтарымен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Алматы су тарифтері бойынша республика көлемінде 6 орында.

«Тұтынушыларға берілген судың сапасы барлық жағынан санитарлық талаптарға сәйкес келеді. Бұлақ көздерінен алынатын су толықтай тазартудан өтеді. Тіршілік көзінің сапалы болуының негізі бақылау жүйесін дұрыс ұйымдастырылуында деп білеміз. Себебі, ол бұлақ көзінен бастап, тұтынушыға жеткенше күн сайын тыңғылықты тексерістен өтеді», - деді «АЛМАТЫ СУ» МКК бас директорының орынбасары Қайырғали БЕКҚАЛИ.