Атырау облысында сыйға ат мінген полиция басшысы қызметінен босатылды

Фото: Sputnik Казахстан
Фото: Sputnik Казахстан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысы және қаласының полиция басшылары жазаланды, деп хабарлады бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Атырау облысындағы патрульдік полиция батальонының қызметкеріне қатысты БАҚ-та жарияланған сыни бейнематериал бойынша Ішкі істер министрі оқиға орнына барып қызметтік тексеру жүргізді.

«Жол қозғалысы» туралы заңды бұзуына байланысты жүргізілген тексеру қорытындысы және ведомстволық бұйрықтар бойынша көлік құралын себепсіз тоқтатқаны үшін батальонның үш қызметкері жұмысынан босатылды.

Сондай-ақ, жеке құрамды қадағалауды босаңсытқаны үшін аталған бөліністің командирі мен Атырау қаласы жергілікті полиция қызметінің бастығы қызметінен алынды.

«Қатаң тәртіптік жазаға Атырау қаласы Полиция басқармасының басшылығы, облыстық ЖПҚ және облыстық Полиция департаменті бастығының осы саланы қадағалайтын орынбасары тартылды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен, ҚР Президент Әкімшілігімен келісе отырып, қызмет әдебін бүзғаны үшін Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы А.С. Дүйсембаев қызметінен босатылды.

Новости партнеров