Ауыл шаруашылығын дамытатын жоспарлы экономика​дан қол үзіп қалдық па

22.08.2022 22:48
egemen.kz

«Біздің аграрлық бағытымызда сабақтастық болмай отыр». Қазақстан халқына Жолдауында осылай деген Мемлекет басшысы министр ауысса, саясаты өзгеретін саланы сынға алған еді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осы негізде ел үкіметіне бірқатар тапсырма берген ол нормативтік негізді нығайтуға көңіл бөлуді де баса айтқан болатын.

«Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру өте қымбатқа түсетін,  өте қиын еңбек. Оны мемлекеттік қолдау болмаса, ешқандай шаруа қожалықтары өздері өнімнен пайда таппайды. Сондай көрсеткішті жаңа айттым, 8,5 жарым пайызға жеткізу. Әрине, бұл көрші елдермен салыстырғанда төмен, бірақ осыдан бастасақ алдағы уақытта да ілгері қарай оны дамытуға міндеттіміз. Сонда ғана ауыл шаруашылығы дамиды», – деді Халықты негізгі азық-түлікпен қамтамасыз ету – ауыл шаруашылығының басты міндеті. Ал агроөнеркәсіп секторының дамуына жоспарлы экономика керек.

«Ауыл шаршуалығы саласына әсер ететін негізгі факторлардың бірі – жоспарлы экономикадан қол үзіп қалдық. Жоспарсыз жұмыстың нәтижесі қандай екенін анықтап білу қиын. Сондықтан, барлық мәселеде, әсіресе ауыл шаруашылығы саласында барлық өнім өндірушілермен жасалған жоспарлы өндіру қарастырылуы керек. Сонда ғана әрбір шаруа қожалықтарынан бастап, аудан, облыс алған жоспарын, міндеттемесін уақытылы орындаса, сонда ғана азық-түлік жетіспеушілігін жоюға болар еді. Жоспарсыз кете берген шаруадан  халықты азық-түлікпен қамтамасыз етеміз деп айта алмаймыз. 1990 жылы, менің есімде, жалпы ауыл шаруашылығы өндіретін өнім жалпы өнімге шаққанда 34 пайыз болған. Ал, қазір 12 пайызға төмен түсіп кетті. Сондықтан қазіргі салада барлық өнімнің көлемі төмендеп, қымбатшылық болып жатыр. Алдағы уақытта, менің түсінігімде, шағын болсын, үлкен болсын жоспарлы түрде іс қаралуы керек, соны халық, үкімет орындап шығуымыз керек», – деді Нұрмұхамед Айтуған.