БТА Банкі ісі бойынша күдікті Артур Трофимов Өзбекстаннан экстрадицияланды

28.01.2019 22:48

БТА Банкі ісі бойынша күдікті Артур Трофимов Өзбекстаннан экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

«Бас прокуратура мен Өзбекстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының қызметкерлері Артур Трофимовты экстрадициялады. Ол 2005-2009 жылдары «БТА Банк» АҚ-тан ірі сомада ақша жымқырып, оның ізін жасырды деген күдікке ілінді. Сондай-ақ, күдікті ұйымдасқан қылмыстық топқа басшылық етті деген күдік бар», - делінген хабарламада.