Жоспар бойынша 494 нысан залалсыздандырылады
Алматыда карантиндік шаралардың күшейтілуіне және сауда орталықтарының базарлардың, саябақтар мен скверлердің, адамдар көп жиналатын орындардың жабылуына байланысты ағымдағы жылдың 20-21 маусымында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында ауқымды дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу жоспарланған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жалпы жоспар бойынша 494 нысан залалсыздандырылады, олар:
Алатау ауданындағы 8 базар, 11 сауда орталығы, 4 сквер;
Алмалы ауданындағы 6 базар, 29 сауда орталығы, 47 спорт нысаны және фитнес орталықтар, 1 саябақ , 22 сквер, 5 бульвар, 17 жасыл аймақ;
Әуезов ауданындағы 4 базар, 32 сауда орталығы, 30 фитнес орталық, 1 саябақ, 3 сквер және 1 бульвар.
Бостандық ауданындағы 31 сауда орталығы, 59 спорт нысаны және фитнес орталықтар, 4 саябақ, 3 сквер, 4 бульвар, 3 жағажай;
Жетісу ауданындағы 16 базар, 15 сауда орталығы, 15 фитнес орталық, 1 саябақ;
Медеу ауданындағы 2 базар, 19 сауда орталығы, 31 фитнес орталық, 2 саябақ, 1 сквер;
Наурызбай ауданындағы 3 базар, 2 сауда орталығы, 3 фитнес орталық, 2 саябақ, 1 сквер;
Түрксіб ауданындағы 6 базар, 7 сауда орталығы, 10 фитнес орталық, 3 саябақ, 11 сквер, 1 жағажай.
«Алматы Тазалық» МКК және аудандардың мердігерлік ұйымдарының күшімен көшелерге, саябақтар мен скверлерге, тротуарларға, көше урналары мен орындықтарға, аялдамаларға, банкоматтарға, терминалдарға, жер асты және жер үсті өтпелі жолдарға кең көлемді дезинфекция жүргізілетін болады.
Осынау барынша ауқымды залалсыздандыру жұмыстарына 70 техника бірлігі және 150 адам жұмылдырылады. Дезинфекциялық өңдеу үшін адамдар мен жануарларға ешқандай қауіп төндірмейтін 4-ші сыныпты қауіпсіз препараттар қолданылады.
Сауда және қызмет көрсету орындарын дезинфекциялауды меншік иелері өздері жүргізеді.
Дезинфекциялау жұмыстары 20-21 маусымда тағы сағат 8.00 ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.