Алматыда Covid-19 бойынша «Қоғамдық бақылау» ұйымы өз жұмысын бастады

Фото Литер
Фото Литер
Қоғамдық бақылау тобы құрамына қоғам белсенділері, еріктілер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі мен БАҚ өкілдері енді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Covid-19 бойынша «Қоғамдық бақылау» ұйымы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Қоғамдық бақылау тобы құрылды. Денсаулық сақтау министрлігі бізбен бірге жұмыс жасауға бекінді. Барлық аймақтарда үйлестірушілеріміз бар. Біз гуманитарлық көмектің бөлінуі, дәріханалар мен аураханалардың ахуалы, шектеу шараларын бұзу мәселелерін бақылаймыз. Жақын арада ұйым құқықтық мәртебесін алып, мүшелерімізге куәлік құжаттары беріледі. Біз барлық мәселеге обьективті көзқараспен қараймыз», – деді қоғамдық бақылау тобының үйлестірушісі Саида Тәуекелева.

 Қоғамдық бақылау тобы құрамына қоғам белсенділері, еріктілер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі мен БАҚ өкілдері енді. Гуманитарлық жүктің бөлінуін бақылайтын топ «СҚ «Фармация» қоймаларын аралады. Ол жерде Қытайдан келген гуманитарлық жүк бөлінген болатын. Бұл бақылау тобы әлеуметтік желі арқылы Катардан, Ресей мен Қытайдан келген гуманитарлық жүктің ауруханаларға қалай үлестіріліп жатқанын жариялады. Суреттер мен видеоны әлеуметтік желіден көруге болады.

Новости партнеров