Алматының Әуезов ауданында жолдар қарқынды түрде жөнделуде

Алматының Әуезов ауданында жолдар қарқынды түрде жөнделуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыға кейіннен қосылған шағынаудандарда жол мәселесі оң шешімін табуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Алматы» телеарнасының «Әкіммен ашық әңгіме» бағдарламасында осыған дейін Алатау және Наурызбай аудандарындағы тас жолға қатысты көптеген сауалдар қойылған еді. Оның дәлелі ретінде келесі жұмыстарды айтуға болады.

«Алатау ауданы бойынша биылға жоспарда 12 шағынауданда 120 шақырымға жол салу мәселесі жүріп жатыр. Бүгінде 5 шағынауданға жол салу жұмыстары басталып та кетті. Қалған 7 шағынауданда дайындық жүріп жатыр», – деді Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары Берік ӘШІРБЕКОВ.

Жаңа жол салу барысында айналасын көріктендіру де қатар жүреді. Жаяу жүргіншілер жолы, арық жүйесі мен жарықтандыру да біржола шешімін таппақ. Мұндай шаралар Наурызбай ауданында да қолға алынған.

«Біздің Наурызбай ауданы бойынша биыл ұзындығы 25 шақырымды құрайтын 23 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде 5 көшеде жөндеу аяқталды, тағы 5 көше де жөнделіп жатыр», – деді Алматы қаласы Наурызбай ауданы көріктендіру бөлімінің басшысы Данияр САДЫҚОВ.

Айта кетейік, бүгін қорытынды жаңалықтардан соң, «Әкіммен ашық әңгіме» бағдарламасы тікелей эфирде көрсетіледі. Бір апта көлемінде арнамыздың ресми парақшасына, ватсап нөміріне келіп түскен сұрақтарға Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев жауап береді. Сондай ақ, тікелей эфир уақытында студияға қоңырау шалып, мазалаған сұрақтарыңызды жолдауларыңызға болады.

Новости партнеров