Атырауда резеңке қақпақ жұтып қойған бір жасар бала құтқарылды

14.10.2019 22:49

Енді баланың өміріне қауіп жоқ

Атырауда дәрігерлер резеңке қақпақ жұтып қойған бір жасар баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ата-анасының айтуынша, тамақтанып отырған кезде бір жасар баласы бірден шашалып, артынша ыстығы көтерілген. Екі күн бойы баланың жағдайы нашарлай берген. Содан кейін ата-анасы оны №2 облыстық ауруханаға жеткізген. Тексерген дәрігерлер баланың асқазанында сеппенің резеңке қақпағы бар екенін анықтаған. Оны операция жасап алып тастады», - деп мәлімдеді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Дәрігерлердің айтуынша, енді баланың өміріне қауіп жоқ.