Өкіметаралық комиссияның шешімі қандай?
ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова карантиндік шараларды жеңілдету туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Өкіметаралық комиссияның шешімі бойынша, аймақтарда вирустың аурушаңдық өсімі бір апта ішінде 5%-дан аспаған жағдайда, қоғамдық орындардың (СПА-орталықтар, фитнес орталықтары, монша, спорт клубтары (көрерменсіз) жұмыстары қайта жанданады.
«Біз осылайша карантиндік шараларды жеңілдетіп жатырмыз. Қаулы бойынша осы нысандар қатаң талаптарды сақтай отырып жұмыстарын жалғастырады», – деді ол.