15 мамыр – халықаралық отбасы күні
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Педагогикалық Ғылымдар Академиясы» қоғамдық бірлестігі «Отбасы институты» жобасы аясында 15 мамыр күні ZOOM платформасында Халықаралық Отбасы күніне арналған «Бақытты отбасын құру негіздері» тақырыбында онлайн семинар-тренинг өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Семинар-тренингте практик-психолог, жеке блог жүргізуші, көпбалалы ана Канцерова Көркем Талғатқызы жастармен әлеуметтік ортада үйлесімді қарым-қатынас құру, ата-ананың бала тәрбиесіндегі атқаратын рөлі, ата-ананың балаға беретін тәрбиесінің маңыздылығы, бала тәрбиесінде жиі жіберілетін қателіктер мен олардың себептері, отбасындағы әйел мен еркектің міндеттері мәселелерін талқылап, кәсіби кеңес берді.
Семинар қатысушылары Алматы қаласының жоғары оқу орны студенттері, жас отбасылар семинарға белсенді қатысып, ұйымдастырушыларға алғыстарын және «Отбасы институты» жобасы аясында өткізілетін басқа да шараларға қатысуға ниеттерін білдірді.