Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен алматылық әйелдер қайда хабарласуы керек

garmoniya.uglich.ru
garmoniya.uglich.ru
Биыл 75 әйел мен 157 бала өтініш берген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Нәзира Тоғызбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты. Ол «Жан Сая» дағдарыс орталығы қалада 2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті. Биыл оған 75 әйел мен 157 бала өтініш берген, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жан Сая» отбасылық зорлық-зомбылық құрбандары үшін арнайы жасалған. Мұнда зардап шеккендерге баспана, құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Орталық сонымен қатар балаларға арналған түрлі іс-шаралар өткізеді және «150» сенім телефоны бар.

Сонымен қатар, Алматыда тұрақты тұратын жері жоқ адамдар үшін құрылған «Пана» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Жыл басынан бері 466 өтініш берушіге көмек көрсетілді, олардың барлығы уақытша тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

«Орталық мамандары құжаттарды қалпына келтіруге көмектеседі. Мысалы, «Панаға» ешқандай құжаты жоқ 67 жастағы ер азамат жүгінген. 1974 жылғы төлқұжатын жоғалтып алған. Мамандардың көмегінің арқасында ол жеке куәлік алуға, сондай-ақ қарттық бойынша зейнетақы тағайындауға мүмкіндік алды. Қазіргі уақытта «Шаңырақ» арнайы қызметтер орталығына ауыстырылды, – деді Н. Тоғызбаева.

Алматыда жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектер, жалғызбасты ерлі-зайыптылар және зейнеткерлік жастағы ерлі-зайыптылар үшін еліміздегі ерекше «Қамқор» әлеуметтік үйі жұмыс жасайды, мұнда 50 адам тұрып жатыр.

«Бұл үй көпқабатты, айналасы қоршалған. Туыстарының қарауынсыз қалған аға буын қала тұрғындар пәтерлерін мемлекет меншігіне өткізіп, осы үйге көше алады», – деді Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы.

Новости партнеров