Наурызбай ауданында 900-ге жуық жарық шамдары орнатылды

28.10.2019 23:33

Аудан бойынша ұзындығы 20 шақырымнан асатын 24 көше жарықтандырылды

Осыдан бірнеше ай бұрын Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен көшелер мен аулаларды жарықтандыру бойынша ауқымды жұмыстар басталған болатын. Шамамен 4000-ға жуық жарық нүктелері қазан айының соңына дейін орнатылады деп жоспарланған. «Шетсіз қала» бағдарламасы аясында Наурызбай ауданының бірқатар көшелерінде жарықтандыру қарқынды  жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ауданға 900-ге жуық жарық шамдары орнатылды. Енді, келер жылы жалпы қала бойынша жарықтандыру деңгейін жүз пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

«Бүгінде аудан бойынша ұзындығы 20 шақырымнан асатын 24 көшеде жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар бағдарлама аясында 182 жарық қондырғылары мен 660 жарық бағаналары орнатылды. Біз бұл жұмыстарды келер жылы да жалғастырамыз», - деді Алматы қаласы Наурызбай аудандық көріктендіру бөлімінің бас маманы Оңалбек ҚЫДЫРБАЕВ.

Теги: освещение