Ә. Қозыбағарова: Туристерге арналған интерактивті карта мен арнайы қосымшаның болуы дұрыс шешім

almaty.tv
almaty.tv
Алматыда әдемі демалыс орындары көп
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Туризм Алматы шаһарның дамуына маңызды рөл атқарады. Әсіресе, экология жағынан және қаладағы белсенді демалысты дамыту үшін үлкен әлеуетке ие. Бұл туралы SKYWAY директоры Әсем Қозыбағарова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы ақшамы» газетіне сілтеме жасап.

Оның сөзінше, Алматыда әдемі демалыс орындары көп. Әкімдік те бұл саланың дамуына қолдау көрсетіп, туристік инфрақұрылымға көңіл бөліп жатыр.

«Жалпы, туризм Алматы шаһарының дамуына маңызды рөл атқарады. Әсіресе, экология жағынан және қаладағы белсенді демалысты дамыту үшін үлкен әлеуетке ие. Пандемияға байланысты тұрғындардың басым көпшілігі қазір шетелге шыққаннан гөрі, қала аумағындағы орындарда демалуды жөн санайды. Қаламызда әдемі демалыс орындары көп.  Осыған орай, әкімдік бұл саланың дамуына қолдау көрсетіп, туристік инфрақұрылымға көңіл бөліп жатқаны қуантады. Кешегі жарияланған қала басшысының және Алматы қаласы туризм басқармасы қызметкерлерінің соңғы сөздеріне риза болдым.  Атап айтсам, саяхатшыларға арналған интерактивті карталар мен арнайы қосымшалардың болуы өте дұрыс шешім. Бұл бірінші кезекте саяхатшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қолға алынып жатқан жұмыстардың барлығы, түптеп келгенде, тұрғындар демалысын қолжетімді, жайлы және ең бастысы қауіпсіз етуді көздеп отыр», – деді SKYWAY директоры Әсем Қозыбағарова.


Новости партнеров