Алматыдағы «Музей түні»

Музей түнінің форматы жыл сайын өзгеріп отырады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда халықаралық музейлер күніне орай Мемлекеттік орталық мұражайда «Музей түні» мерекелік іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дәл осы түні Музей түрлі жастағы, түрлі көзқарастағы адамдарды, түрлі ұлттар мен ұлыстарды тоғыстырып қана қоймай, көңіл көкжиегін кеңейтіп, төл мәдениетіміздің нәрінен сусындауға шақырады. Музей түнінің форматы жыл сайын өзгеріп отырады. Бұл жолы алматылықтар мен қала қонақтарына жаңа бағдарлама, оның ішінде музейдің қор коллекциясы негізінде құрылған көрмелер ұсынылды.

«Халықаралық музейлер кеңесінің ЕКОМ бекітуі бойынша биылғы музей түнінің жалпы тақырыбы қалпына келтіру және жаңғырту. Осы тақырып аясында сіздер біздің көрермендерімізге, тұрақты көрермендерімізге музей түні акциясын ұсынғалы отырмыз. Онда сіздер түнгі музейлік экскурсиямен танысасыздар», – деді  ҚР Мемлекеттік орталық музейі директорының орынбасары Бибігүл Дәндіқарақызы.

Новости партнеров