Қазақстан теміржолы Қытайға қатынайтын пойыздарды уақытша тоқтатуды жоспарлап отыр

28.01.2020 22:51

Пойыздарды уақытша тоқтата тұру процедуралары жүргізіліп жатыр

Жаңа вирустың өршуіне байланысты «Қазақстан теміржолы» Алматыдан Үрімшіге қатынайтын пойыздарды уақытша тоқтата тұруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды zakon.kz ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Қытай арасында «Үрімші-Алматы-2» және «Алматы-2-Нұр-Сұлтан, Нұрлы жол-Үрімші» сынды екі жолаушылар пойызы қатынайды. Қазір осы пойыздарды уақытша тоқтата тұру процедуралары жүргізіліп жатыр.

Вирустың Қазақстан территориясына тарауын болдырмас үшін Достық және Алтынкөл бекеттерінде жолаушылар мен пойыз бригадаларын қазақстандық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері ұдайы тексеріп жатыр: олар арнайы құрылғы арқылы адамның денесіндегі қызуды өлшеп, жалпы денсаулығына баға береді. Медициналық тексеруден кейін жолаушылар мен пойыз бригадалары шекаралық және кедендік тексеруден өтеді.

ҚТЖ жолаушылар пойызының коронавирусын анықтаған немесе күдіктеген кезде оның басшысына не істеу керектігі туралы нұсқаулықтарды әзірледі. Одан бөлек жолсеріктерге де барлық санитарлық талаптарды қатаң орындау ескертілген.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Қытай арасындағы пойыздардағы қол жүк пен өзге де жүктерді тексеру күшейтілді.