Қалада 850 объектілері жылумен қамтылады
Алматыда қаланың оңтүстік бөлігінің жылу энергиясының тапшылығы ірі қазандыққа реконструкция жүргізілген соң 1,5 есе азаятын болады, деп хабарлайды Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы.
«Оңтүстік қазандықтағы су жылытатын үш ескі қазандықты газбен жұмыс істеп, сағатына 130 гигакалорий жылу энергиясын беретін заманауи қондырғыларға алмастыру жылу көлемін 41%-ға арттыруға мүмкіндік береді»,- деді қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев.
Ол бұл жаңа әдістің Бостандық ауданына коммуналдық қызмет көрсетудің жаңа перспективаларына жол ашатынын және сапасын арттыратынын түсіндірді. Ең алдымен, ірі шағынауданға тең 120 обьектілер, тұрғын үйлер, медицина және білім мекемелері, басқа да нысандар сапалы жылумен қамтамасыз етіледі.
Алматыдағы жылу көзінің 4% беретін Оңтүстік қазандығын модернизациялау жылудың көлемін 2 есе арттырады, нәтижесінде бүгінгі күні 49,8 мың тұрғыны бар 13,1 мың пәтерлер мен заңды тұлғалардың 850 объектілері жылумен қамтылады.
Ә.Масабаев 2019-20 жылдары жылу көздерін реконструкциялау кезінде Оңтүстік қазандығы арқылы жылу алатын барлық тұтынушыладың жылумен және ыстық сумен толық көлемде қаматасыз етілетінін атап өтті.