Абай мұрасымен астасқан тың туындының тұсауы кесілді

07.04.2022 в 03:51

Ұлт пен жалпы өркениетке елеулі еңбегі сіңген тұлғалар туралы да ақпар топтастырылған

Абай мұрасымен астасқан тың туындының тұсауы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Әлем. Түркі өркениеті. Қазақстан және болашақтың концепциясы» деп аталатын кітапта хакімнің қара сөздеріндегі мәселелерді қазіргі заманда іске асырудың тетігі айқындалады. Сондай-ақ, ұлт пен жалпы өркениетке елеулі еңбегі сіңген тұлғалар туралы да ақпар топтастырылған. Айта кету керек, аталған еңбек қазақ, орыс және ағылшын тілінде жарық көріп отыр.

«Әлемнің белгілі ғалымдары өз бағасын берді. Нобель сыйлығының лауреаты Тимашев деген азамат өз оң пікірін берді. Жалпы, оның бір кітабы «Абай – Қазақстанның болашағы» деген кітап Лондонда шығып, әлемнің 200 топ университетіне жіберілді. Біраз елде сатылып жатыр», – деді кітаптың авторы, мемлекет және қоғам қайраткері Оразалы Сәбден.