Тараздық тұрғындар "Алматы" арнасының жаңалықтар қызметіне алғыс айтты

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv
30 жылға жуық елдің берекесін қашырған мекен қиратылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тараздық тұрғындар арнамыздың жаңалықтар қызметіне алғыс айтуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Осыдан бір ай бұрын облыс орталығының тұрғындары біздің арна тілшілеріне қайрылып, бір мәселені шешуді өтінген еді. Олар екі үй ортасындағы Кеңестік кезеңнен қалған қирандыда қылмыстар болып, есірткі саудаланатынын жеткізген. іМіне 30 жылға жуық елдің берекесін қашырған мекен қиратылды

«Сараптама жасалған, мен өзімнің көзіммен көргендей де бұл ғимарат қалпына келтіретін ғимаратқа жатпайды. Жарамсыз, бұның бір ғана жолы бар, орнын тазалап тастау керек», – деді қала әкімінің орынбасары Асхат Есеналиев.

Бұл  –  осыдан бір ай бұрын Тараз қаласында болған тұрғындар наразылығы. Қаратау шағын ауданының халқы біздің редакцияға хабарласып, қирандыдан қорлық көріп отырғанын жеткізген. Ал,  әкімдік өкілдері сан жыл мазалаған мәселені арнамыздан шыққан сюжеттен соң шешеміз деп уәде еткен. Енді нашақорлар мекеніне айналған қиранды сүріле бастады.

Шешімін табылған іске жұрттың алғысы ерекше. Себебі 30 жыл бойы өз өмірі мен балалардың тағдырына алаңдаған жұрт осы ғимараттан бәлекет келе ме деп алаңдаған.

Блиц: 

1) Сіздер болмасаңыздар, бүкіл арналарға шықпайтын еді. Тұрған күйі тұра беретін еді ғой, осылай қиранды болып. Қуанып жатырмыз. Ең бастысы мына жерді ашып, әйтеуір балаларға тиімді іске жарайтын спорт зал ма, бірнәрсе салып берсе, тым жақсы болар еді.

2) Арызымызды жерге тастамай, көмек беріп жатқаны үшін рахмет. Енді осы екі ортаны алея қылып балдар ары бері жүретін қылып берсе.  

Көптің бұл тілегі алдағы уақытта орындалып қалар. Себебі әкімдік өкілдері босаған орынға балалар алаңшасын орнатамыз деп уәде беріп отыр.

Мерей Бает Мейіржан Ерболатов «Алматы» арнасы, Тараздан

Новости партнеров