Олармен бірге 42 жастағы ер адам да қайтыс болды
Жергілікті полиция департаментінің хабарлауынша, апатқа кінәлі жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 20 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Айта кетейік, оқиға бүгін таңертең орын алған. Назарбаев даңғылының бойында Toyota Camry жүргізушісі Mercedes-Benz көлігін соғып, рөлге ие бола алмай, аялдамада тұрған адамдарды қағып кеткен. Үш адам алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Олар №12 мектептің бесінші және үшінші сынып оқушылары мен 42 жастағы ер адам. Тағы екеуі жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір олардың жағдайы ауыр дейді дәрігерлер.