Елімізде қай сала қызметкерлерінің жалақысы өседі

23.08.2023 22:54

Экология министрлігінің бұйрығына сәйкес, аталған өзгеріс 2 қыркүйектен бастап күшіне енбек

egemen.kz

Табиғат инспекторлары мен орманшылардың жалақысы екі есеге өседі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Экология министрлігінің бұйрығына сәйкес, аталған өзгеріс 2 қыркүйектен бастап күшіне енбек. 

100 пайыз мөлшерінде қосымша ақы тағайындалғандардың қатарында Қазақстанның орман қорғау мемлекеттік органындағы қызметкерлер мен мамандандырылған ұйым инспекторлары бар. 

Сондай-ақ денсаулығы мен өміріне зиян келу қаупі бар жұмысшылар және жануарлар дүниесі, балық шаруашылығы мен өсімдік кешені кәсіпорындары да есепке алынған.