«Мама, мен сені жақсы көрем»: Әскерилер аналарын 8 наурыз мерекесімен құттықтады (ВИДЕО)

06.03.2019 22:54
Ivetta.ua

8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай Қазақстанның қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлері аналарына қоңырау шалды.

Видео министрліктің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

Аналарына күтпеген жерден қоңырау шалып,  «Мама, мен сені жақсы көрем» деген бір ауыз сөздерімен олар өздерін өмірге әкелген жанның жүрегін елжіретіп, ерекше қуанышқа бөледі.