Алматы әкімі «Tokyo Rope Almaty» ЖШС бас директоры Тошио Такеяманы қабылдады

12.09.2019 00:56

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев  Tokyo Rope International Inc. президенті Кадзунори САТО және «Tokyo Rope Almaty» ЖШС бас директоры Тошио Такеяманы қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кездесуде  Алматының инвестициялық тартымдылығы мен ынтымақтастық перспективаларын талқыланды. Сондай-ақ қала әкімі бүгін  Израильдің Қазақстандағы  Елшісі Лиат Вексельман де  кездесті.  Биыл Алматы мен Тель-Авив арасындағы бауырластық қарым-қатынас туралы келісімге 20 жыл толады. Осы келісімдер аясында туризм, білім, медицина және цифрландыру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.