Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Нұрболат Абдуллиннің асқар тауы әкесі дүниеден өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Қаралы хабарды Нұрболат Абдуллиннің өнердегі әріптесі Қайрат Нұртас жеткізді. Ол Instagram желісіндегі Stories бөлімінде марқұмның фотосын жариялап, досына көңіл айтты. «Иманды болсын! Сабыр берсін, досым», – деп жазды хитмен.
Желі қолданушылары бірден Абдуллиннің қайғысына ортақтасып, оны барынша жұбатуға тырысты.
«Қарты бар үйдің қазынасы бар деген, бір қазынаңды жоғалтың ба, сұлу әнші жігіт? Әкеңнің алдынан жарылқасын. Иманы жолдасы болсын» , «Аллам алдынан жарылкасын», «Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын», «Иман байлығын берсін! Жаны жәннатта болсын!», «Иманды болсын, алдынан жарылқасын. Жап-жақсы жүр еді ғой, не болған екен», – деп жұбатты желі қолданушылары.