Шахматтан Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте үздік 8 елдің қатарына кірді
Фото: ашық дереккөзден
Ел шахматшылары топтық дивизионда турнир фавориті саналған Армения, Қытай, Румыния спортшыларынан басым түсіп, мықтылығын дәлелдей білді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шахматтан Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте үздік 8 елдің қатарына кірді. Спортшылар «Онлайн олимпиада – 2021» турнирінде жоғары нәтиже көрсетіп, ширек финалға дейін жетіп еді. Алайда, АҚШ құрамасынан жеңіліс тауып, жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv
Осылайша, ел шахматшылары топтық дивизионда турнир фавориті саналған Армения, Қытай, Румыния спортшыларынан басым түсіп, мықтылығын дәлелдей білді.
«Мен бұл турнирге осымен 2 жыл қатарынан қатыстым. Мұндай форматта ойнау ұлттық құрама спортшылары үшін ыңғайлы. Осы жолы шахматшыларымыз тарихта болмаған жетістікке қол жеткізіп, үздік 8 елдің қатарына кіргенімізге қуаныштымыз», – деді шахматтан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Рустам Хуснутдинов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
14.10.2026 08:14
Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады
13.10.2026 09:32
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
13.10.2026 13:10
Елде 4 мың шақырымнан астам автожол жөнделіп жатыр
13.10.2026 09:16