53 жастағы ер адам күдікті ретінде қамауға алынды
Ақмола полицейлері жанар-жағармай материалдарын ұрлау ісін тергеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
27 маусым күні Шортанды аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті ЖШС директорының 2023 жылғы мамыр айы мен 27 маусым аралығында 2500 тонна жанар-жағармай материалдарының жоғалғаны туралы өтініші келіп түскен.
«Осы іске қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ЖШС-ның барлық қызметкерлерінен жауап алды. Нәтижесінде полицейлер осы ЖШС-да оператор болып жұмыс істеген 53 жастағы ер адамды анықтады. Оның іске қатысы тексеріліп жатыр. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.