Орталықта 300-ге жуық қарт тұратын болса, соның 150-і нәзік жандылар
Көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз күніне орай №3 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ақ жаулықты аналар арасында «Ал, қанекей, әжелер» сайысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Орталықта 300-ге жуық қарт тұратын болса, соның 150-і нәзік жандылар. Байқауға қатысқан 10 әжей тағам дайындау, ән орындау, қолөнер бұйымдарын жасау бойынша бақ сынасты. Әділ қазылар алқасы ардақты аналардың өз қолымен жасаған бұйымдарының, салынған суреттерінің шебер орындалғанын айтып, оларға жоғары баға берді. Қатысушыларға түрлі номинациялар бойынша сый-сыяпаттар жасалды.
«Әйел азаматтардың, әжелердің өмірден алған тәжірибесі мол ғой. Бүгінгі конкурс сол тәжірибені жастармен бөлісіп, өз өнерін ортаға салып, көпшілікке көрсету үшін ұйымдастырылды. Өзіміздің сайысқа қатысушыларға артар үмітіміз үлкен», – деді №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының әлеуметтік істері жөніндегі орынбасары Римма КӨЛБАЕВА.