20 шілдеде сағат 9:00-20:00 аралығында жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Алмалы және Жетісу ауданының кейбір тұрғын үй кешенінде суық су уақытша ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv
20 шілде күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Алмалы ауданындағы Мақатаев - Чайковский - Райымбек – Наурызбай батыр көшелерінің контурында; Жетісу ауданындағы Райымбек - Желтоқсан көшелерінің, темір жолдардар, Коммунальная көшеcі шаршысында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.
Аталған секторлардағы тұтынушыларды суық судан уақытша ажырату, сумен жабдықтау желілері мен нысандарындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарын орындаумен байланысты.
"Алматы су" МКК уақытша келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.