1 қыркүйектен бастап өтінім қабылданады
Қыркүйекте үй жануарларын тегін зарарсыздандыру және піштіру бағдарламасы басталады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Биыл қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында Алматыда үй жануарларын тегін зарарсыздандыру және піштіру бойынша мемлекеттік бағдарлама іске асырылады.
«Алматы қаласында қаңғыбас жануарлардың санын ізгілікті түрде реттеудің 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында биыл шамамен 9 000 ит пен мысықты қамту жоспарға енген.
1 қыркүйектен бастап өтінім қабылданады.
Алматы қаласының мына ветеринариялық емханаларда қызмет тегін:
1)«Prima Vet Masters» ветеринариялық емханасы мекенжайы: Есенберлин көшесі 217, тел: 8 (700) 327-44-89
2)«Allvet» ветеринариялық емханасы мекенжайы: Төле би көшесі 279 Б, тел: 8 (747) 438-38-87
3)«Центр Ветеринарной Медицины» ветеринариялық емханасы мекенжайы: Жамақаев көшесі 32, Мамыр-4, 111 шағын ауданы тел: 8 (727) 313-13-21, 313-13-28.
Үй жануарларын зарарсыздандыру және піштіру мемлекеттік бағдарламасына қатысты өзге ветеринарлық емханалар туралы қосымша ақпарат келісімшарттың жасалғанына қарай хабарланады.
Оқи отырыңыз: Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи қорығының аумағына 51 құлан жіберілмек