Қарттар үйінің әкімшілігі тәртіп сақшыларына алғысын білдірді
Қазақ халқы қарт адамдарды ежелден қазына деп санаған және аға буынға әрдайым құрметпен қараған. Отбасы күні мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері Атырау қаласының қарттар үйіне барып, бағалы сыйлықтарын табыс етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі baq.kz сілтеме жасап.
Қарттар үйінің әкімшілігі тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.
«Мұқтаж және жалғыз адамдарға қамқорлық жасау біздің қоғамымыздың ажырамас бөлігі, олардың қуанышты жүздері осы іс-шараға қатысушылар үшін ең жоғары марапат болды. Қарттар үйіне бару жақсы дәстүрге айналды», – деп хабарлады Атырау қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.