Өгей шешенің әкесі күйеу баласына қатысты тың деректер айтты
Түркістан облысы Жетісай қаласында өгей анамыздан қорлық көрдік деген үш қыздың оқиғасы қоғамда резонанс тудырды. Алайда өгей шешенің әкесі күйеу баласына қатысты тың деректер айтты.
Өгей ананың әкесі Пернебай Көбеевтің айтуынша, күйеу баласы Нұрмұхамед Қойымбетов арақ ішіп, есірткі шегетін көрінеді. Сондай-ақ, қызына қол жұмсаған кездері де болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ басылымы.
«Күйеу балам костоправ болып жұмыс істейді. Жұмыстан шыққаннан кейін арақ ішіп, есірткі шегіп, үйіне бармайды. Қызымды ұрған кездерін көршілері дәлелдей алады. Оның бірге есірткі шегетін жолдастарын қызым таниды екен. Құмар ойын ойнап, көп қыдырады», - дейді Пернебай Көбеев.
Әкесінің айтуынша, қызы мен күйеу баласы заңды некеде емес. Ал, үш қыз өз туыстарынан қорқып шындықты айта алмай отыр деген пікірде.
Еске сала кетсек, бұған дейін Жетісай қаласында өгей ананың үш қызына қорлық көрсетіп келгенін хабарлаған едік.