Алматыда 1200-ден астам адам банкрот деп танылды. Мемлекеттік кірістер департаментінің дерегіне сүйенсек, осы күнге дейін азаматтардан 8 мың 447 өтініш келіп түскен. Оның 6 мың 210-ы қанағаттандырылмады. Жеке тұлға өзін қандай жағдайда банкрот санайды? Оны рәсімдеуде қандай қиындықтар туындайды? Осы және өзге сауалдарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Ғалымжан Керімбек жауап береді.
Толығырақ төмендегі бейнематериалдан көре аласыз.