«Алматы Жастары» жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы ұзартыла ма

03.03.2022 23:32

Ақпарат Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының сайтында және әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады

novostroyki-almaty.kz

«Алматы Жастары» қалалық жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасын осы жылы жалғастыру жоспарланған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Алматы Жастары» қалалық жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы бойынша 2022 жылғы қабылдаудың басталуы, өтініштер мен құжаттарды қабылдау сайты, бағдарламаның осы жылғы шарттары мен талаптары бойынша ақпаратты Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының сайтынан және әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады», - делінген қалалық әкімдіктің баспасөз хабарламасында.

Осы бағдарлама аясында 1000 жас отбасыдан кем емес қамту жоспарланған.