Қамқорлыққа мұқтаж балалар мен олардың ата-аналарына демалыс ұйымдастырылды

25.02.2020 22:59

Игі шараны өткізуге Әуезов ауданының әкімдігі мен "Нұр Отан" партиясы мұрындық болған

centre1.com

Бүгін қамқорлыққа мұқтаж балалар мен олардың ата-аналары "Медеу" мұз айдынында коньки теуіп, таза ауамен тыныстап қайтты. Игі шараны өткізуге Әуезов ауданының әкімдігі мен "Нұр Отан" партиясы мұрындық болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мүмкіндігі шектеулі баласының күтімімен үйде отырған аналарға бұл таптырмас сыйлық, балаларға ұмытылмас кеш болды дейді шара ұйымдастырушылары.

"Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналардың мойнында ауыр жүк бар. Мысалы, дені сау баланың онын тәрбиелегеннен бір ауыратын бала анаға өте ауыр. Сондықтан кішкене проблемадан, үйдің шаруаларынан демалсын деп таза ауада серуендеуге алып келдік",  – деді "Q-satti almaty" қоғамдық қорының жетекшісі Іңкәр ЖАНӘДІЛҚЫЗЫ.