Құрбан еті 30 715 отбасыға таратылды

inbussines.kz
inbussines.kz
Алматы қаласы бойынша 1 120 отбасы қамтылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қазіргі уақытқа дейін 30 715 отбасыға құрбандық етін жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚМДБ баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

Құрбандық еті қарттар, жетімдер, балалар үйлері мен ауруханаларға таратылды. Мерекелік қуанышқа бөленген жандар алғыстарын айтып, ризашылық сезімдерін білдіруде. Сондай-ақ, WWW.QURBAN2020.KZ қайырымдылық жобасы аясында құрбан шалуға тапсырыс берген азаматтар тарапынан да телефон, әлеуметтік желі, уатсап арқылы оң пікірлер келіп түсуде.  

Құрбан айттағы қайырымдылық шаралар бойынша 7 143 мұқтаж жанға ет таратқан Жамбыл облысы көш бастап тұр. Ал ҚМДБ-ның Алматы аймағы бойынша өкілдігі 4 182 отбасыға мерекелік қуаныш сыйлады. Талдықорған аймағы 2 789 мұқтаж жанға құрбандық етін үлестірді. Сондай-ақ Қарағанды облысы 2 191, Шығыс Қазақстан облысы 2 071, Павлодар облысы 1 910, Нұр-Сұлтан қаласы 1 421, Түркістан облысы 1 406, Алматы қаласы 1 120 отбасын қамтыды.    

Новости партнеров