|
Коронавирус
01.08.2020 | 17:59

Қала тұрғындарына қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін біздің тарапымыздан қатаң шаралар қабылданған – Ж. Бекшин

COVID-19 диагнозы расталған тұлғаның карантиндік стационарда болуы бюджет есебінен төленеді

Қала тұрғындарына қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін біздің тарапымыздан қатаң шаралар қабылданған –  Ж. Бекшин пресс-служба акимата Алматы

Қала тұрғындарына қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін біздің тарапымыздан қатаң шаралар қабылданған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы – Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

2020 жылдың 3 тамызы сағат 00:00-ден бастап COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі қосымша шектеу шаралары енгізіледі. Жекелей алғанда, COVID-19 диагнозы расталғандар және ПТР нәтижесі оң көрсеткен азаматтар үйде оқшаулану талаптарын орындаулары міндетті.

Қаланың Бас мемлекеттік санитар дәрігері айтуынша, бүгінде өкінішке қарай азаматтар тарапынан үй карантині ережесін бұзу анықталған, үйден шығып кететіндер көп. Қосымша шаралар коронавирус инфекциясының таралуын ескертуге бағытталған.

«Ауру белгілері жоқ оны таратушы барлық кезде ерекше қауіп төндіреді. Гепатит А жұқтырғандардың өзі 20 адамға дейін жұқтыратыны есімізде. Көбі біз көріп отырғанымыздай, бұл талапты бұзады. Бұл көршілердің жұқтыруына және инфекцияның одан ары тарауына әкелеуі мүмкін. Сол себепті біз вирустың одан ары таралуын жоюда арнайы шаралар қабылдадық», – деп хабарлады Ж. Бекшин.

Сонымен бірге, ол аталған талаптарды орындамағаны және бұзғаны үшін азаматтарды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылғанын атап өтті.

«Қала тұрғындарына қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін біздің тарапымыздан қатаң шаралар қабылданды, бұл шаралар шын мәнінде үй карантиніндегілерге және ПТР нәтижесі оң шыққан ауру белгілері жоқ адамдарға олардың қайта жұқтыруын тоқтатуға бағытталған», – деп толықтырды ол.

Оқшаулану және басқа адамдардың жұқтырмауы үшін шараларды қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда тұрғындарға Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының +7 (727) 300-05-05+7 (727) 300-01-03 жедел телефон нөмірлеріне хабарласу қажет және көрсетілген мекен-жай бойынша өз еркімен карантиндік стационарға жатуы керек.

COVID-19 диагнозы расталған тұлғаның карантиндік стационарда болуы бюджет есебінен төленеді.

‡агрузка...