|
20.11.2019 | 18:00
3800

Нұр-Сұлтанда күдікті QR код бейнеленген баннерлер жойылды

Елордада 300 баннер орнатылған

Нұр-Сұлтанда күдікті QR код бейнеленген баннерлер жойылды

Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы елордадағы жарнама баннерлерін тексеріп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Нұр-Сұлтанда күдікті QR код бейнеленген баннерлер жойылды. Оларға қатысты қосымша мән-жайды құқық қорғау органдары анықтайды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

«Астанагорархитектура» ЖШС директоры Нұржан Кенжебековтің айтуынша, 11 сәуірден бастап елімізде «Жарнамалар туралы» заңға өзгерістер енгізілген.

«Бұрын жарнама берушілер жарнамалық құрылымның эскиздік жобасын басқармаға бағыттайтын. Инженерлік қамтамасыз ету, құқығын бекітетін құжаттар бойынша шешім қабылданып, осыдан кейін ғана рұқсат берілетін. Қазіргі уақытта жарнама беруші сыртқы жарнаманы ілместен 5 күн бұрын алдын ала салық төлеп, ескертпені басқармаға жолдайды», - делінген хабарламада.

Қазіргі мәлімет бойынша, Нұр-Сұлтанда 300 баннер орнатылған. Қаланың Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы оларды түгендеп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда есірткіні жарнамалаған баннердің қалай пайда болғанын әкімдік түсіндіріп берген еді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері даулы баннерді ілгендерді іздестіруге кірісті. Ал Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменттінің хабарлауынша, тексеру нәтижесінде ел аумағында осындай 8 баннер анықталып, алынып тасталған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир