Көлсай маңында қоңыр аю видеоға түсіп қалды

16.07.2022 23:00

Соңғы жылдары үлттық парк аумағында аюлар жиі кездесіп жүр, олардың саны жыл сайын артып келеді

стоп кадр

Көлсай маңында қоңыр аю видеоға түсіп қалды. Бұл жайында Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің ресми парақшасынан мәлім болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көктемнің жаңбырлы күнінде қоңыр аю «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бейнетұзағына түсіп қалған. Видео наурыз айында түсірілген. Орман шаруашылығы комитеті оны кеше ғана жариялады. 

«Соңғы жылдары үлттық парк аумағында аюлар жиі кездесіп жүр, олардың саны жыл сайын артып келеді. Қазір аталмыш аумақтағы аю саны шамамен 19-22 дараққа жетті» деп мәлім етті ведомстводан. 

Тяньшань қоңыр аюы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.