Алатау ауданында «Салиқалы ұрпақ» қайырымдылық қорының бастамасымен аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұдан бөлек, отбасы мүшелері әлеуметтік көмекті 12 ай бойы алуға мүмкіндік беретін арнайы сертификаттарға ие болды. Қораптың көлемі отбасыдағы адам санына қарай есептелген.
«Осыған дейін 2 жыл қатарынан 100 отбасына, яғни 200 отбасыға 12 ай бойы азық-түлікпен қамтамасыз етіп келдік. Мұндағы мақсатымыз, бізде бар ғой "Балық берме, қармақ бер" деген. Яғни, адамдарға тікелей ақша бергеннен гөрі оларға біз дайын 15 пунктен тұратын себетті беріп отырмыз», – деді «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының директоры Қасым Қасабеков.
«Салиқалы ұрпақ» қорына рахметімді айтамын. Сондай ризамыз. Үлкен рахмет!» – деді көпбалалы Лаура Темірғалиқызы.