«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 238 пәтер берілген. 2017 жылы 108 отбасы қоныс тойын тойласа, былтыр 130 жеңілдетілген қарыз мақұлданыпты. Баспана мәселесін шешу үшін жергілікті бюджеттен 2 миллиард 200 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Екі жыл аралығында «Алматы жастары» бағдарламасына қызығушылығын танытып, 7 мың 863 үміткер қатысып, өтініштерін білдіріп, осы бағдарламаға қатысқан болатын», – деді Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бас маманы Жасұлан ДҮЙСЕКЕНОВ.
Аталған бағдарламаға құжат қабылдау 2017 басталған болатын. Ол кезде жастарға алғашқы жарна төлеу міндеттелмеген. Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Толық ақпаратты «Алматы жастар» сайтынан білуге болады.
«Ең бір маңызды талаптарының бірі – Алматы қаласы бойынша бір жыл тұрақты тіркеуі болу керек. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы бойынша ешқандай мүлкі болмаған азаматтар осы бағдарламаға қатыса алады», – деді Жасұлан ДҮЙСЕКЕНОВ.