Бүгін арнайы қызмет өкілдері қаланың көктемгі су тасқынына дайындығын тексерді
Бүгін Алматының арнайы қызмет өкілдері өздерінің көктемгі су тасқынына дайындығын тексерді. Екі күнге созылған «Көктем-2019» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығу шарасы арқасында қаладағы барлық ауданның арық жүйесі мен су ағарлары қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Арнайы оқу-жаттығудың арқасында Қарғалы өзенінің Алатау ауданына қарасты 1,5 шақырым аумағы мұздан аршылды. Бұл жұмыс аяқтала салысымен арнайы тереңдету жұмыстары жүргізіледі. Осылайша өзенге жақын орналасқан үйлерге төнген қауіп сейіледі. Жалпы, қызылсудың алдын алу шарасы аясында 50 шақырым қала өзендерінің арнасы бекітіліпті.
«2 жылда істелген жұмыстың нәтижесінде, 55 учаскіде қауіп жойылды. Қазіргі Алматы қаласы бойынша 12 учаскі ғана қалып отыр. Оның алтауы Алатау ауданында, екеуі Наурызбай ауданында, төртеуі Жетісу ауданында орналасқан. Қазіргі кезде Алатау ауданындағы 4 учаскіде арық жүйесін салудың жобалық сметалық құжаттары дайын, екеуіне биылға дайындалады. Қалған 6 участок мына көктем айында қарап бақылайтын боламыз», – деді Алматы қаласы ТЖД басшысының орынбасары Ерлан ӘЛІБЕКОВ.