Комиссия отырысында кәсіпкерлердің жалпы сомасы 152 млн теңгеге 31 өтінімі мақұлданды
2022 жылғы 18 наурыздағы ШОБ субъектілеріне мүліктік зиянды анықтау жөніндегі Өңірлік комиссия отырысында кәсіпкерлердің жалпы сомасы 152 млн теңгеге 31 өтінімі мақұлданды. Оның ішінде 124,5 млн теңге сомасына 19 өтінім бюджет қаражаты есебінен, 12 өтінім «Жаңа Алатау» қайырымдылық қорынан 27,5 млн теңгеге қаржыландырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Алматыда комиссияның барлығы 17 отырысы өтті, онда бизнестің тәртіпсіздіктер кезінде 6,2 млрд теңге сомаға зардап шеккен 1 236 өтінімі мақұлданды, оның ішінде бюджет қаражатынан 5 033,3 млн теңге сомаға 663 өтінім және «Жаңа Алатау» қорының қаржысынан 158,3 млн теңге сомаға 573 өтінім мақұлданды», - делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.
Бұрындары InfoKazakhstan.kz сайтына келіп түскен және тіркелген барлық өтінімдер өңделді. Өңірлік комиссия келіп түскен жаңа өтінімдерді қарайды және тиісті шешімдер қабылдайды. Зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу жөніндегі жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда.