Ағаш және гүл егу жұмыстары наурыздан бастап мамыр айы аралығында жүргізілетін болады
Биыл көктем мезгілінде 12 000 астам ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланып отыр. Соның ішінде кепілдік ағаш отырғызулар, «Алматы қаласын көгалдандыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде және аудандық әкімдіктердің бастамасымен егілетін болады, деп хабарлайды қалалық Қоғамдық байланыс қызметі.
«2019 жылы бір жылдық және көпжылдық гүлдердің көшеттерін отырғызу жоспарланған. Өткен жылдармен салыстырғанда егілетін көшет түрлері 15-тен 30-ға дейін артатын болады», - делінген хабарламада.
Алдағы уақытта гүлдер егілетін аумақтың көлемі 85 мыңнан 125 мың шаршы метрге дейін артатын болады.
Айта кетейік, ағаш және гүл егу жұмыстары наурыздан бастап мамыр айы аралығында жүргізілетін болады.