Жақсы адамды мысықтар да сезеді: атыраулық балақай қылығымен жұртты сүйсіндірді (видео)

elements.envato.com
elements.envato.com
Сәби секілді көтер деп тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда көше кезіп жүрген мысықты баланың мейірлене құшақтап тұрған сәті видеоға түсіп, желіде тарап кетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі atpress.kz-ке сілтеме жасап.  

Басылым мәліметінше, ерекше сәтті Атырау қаласының жүргізушісі видеоға түсіріп алған. Онда мектеп оқушысы жануарды сипалап, еркелетіп жатыр. Мысық та мейірімін төккен балаға қарай ентелеп, құшақтағысы келгендей. Видеода көрсетілгендей, балақай шыдай алмай, мысықты көтеріп алған. Осы видеоға желі қолданушылары көптеген пікір қалдырған: 

"Сәби секілді көтер деп тұр", "Мысық өз қожайынын таңдады", "Баланың жүрегі кең және тәрбиесі жақсы екен! Оған және ата-анасына алғыс!", "Мейірімді бала нағыз ер азамат болып өседі".


Оқи отырыңыз: Қазақстанда 3 миллионнан астам баланы қосымша біліммен қамту жоспарлануда

Новости партнеров