Еңбекақы теңсіздігі түзелмей, елдің әл-ауқаты түзелмейді – А.Таспихов

Еңбекақы теңсіздігі түзелмей, елдің әл-ауқаты түзелмейді – А.Таспихов
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сондықтан әрбір жұмысшының жүктемесіне қарай еңбегі лайықты төленуі тиіс. Ол үшін әрбір кәсіпорында кәсіподақтың салалық ұйымдары құрылуы қажет. Президенттікке үміткер Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері  Жамбыл облысындағы сайлаушылармен кездесуде осы еңбек шарты мен жалақыны реттеу мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кәсіподақтар федарациясының өкілдері Аманкелді Таспиховтың  Жамбыл өңіріндегі сенімді өкілдерімен кездесіп  үгіт жұмыстарының қалай өтіп жатқанымен танысты. Ал Тараз қаласындағы сайлаушылармен кездесуде еңбек адамының құқығы және  жалақы төлеудің шарттарын түсіндірді.

«Біз кәсіподақ сол жалақыны  арттыруды өзіміздің алдамызға мақсат етіп қойып жүрміз. Себебі төменгі жалақы өскен сайын жоғарғы жалақы да өседі. Мысалы біздің бюджеттік салада базалық қызметттік еңбекақы деген түсінік  бар. Ол 17 мыңнан астам теңге. Бірақ сол 7-8 жылдан бері өзгермей келе жатыр. Біз сол базалық қызметтік еңбекақыны бюджеттік салада  сол жаңағы төменгі жалақының мөлшерімен алмастырсақ, бізде 1,5 миллионнан астам халық қомақты жалақыға ие болады», – деді ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Біржан НҰРЫМБЕТОВ.

Қазір  еліміздегі  жалпы  кәсіпорындардың 42 пайызында ғана ұжымдық келісім бар. Осының кесірінен елімізде еңбекақыға қатысты дау азаймай тұр. Ал лайықты ақысын талап еткен жұмысшы сотқа жүгінген жағдайда көбінде жеңіліс табады. Себебі еңбек шартының дұрыс жасалмайды дейді үміткердің сенімді өкілдері.

Новости партнеров